Ақмола облысында "Охотзоопром" инспекторларына оқ атылды

23 шілде, 15:00

Ақмола облысында "Охотзоопромның" 2 инспекторына оқ атқан. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, инспекторларға браконьерлер оқ атқан.

Оқиға 23 шілде күні сағат 11:00-де Жарқайың ауданының аумағында орын алған. Инспекторлар ақбөкенді ату фактісін анықтады.

"Нива" автокөлігіндегі браконьерлер оқ атуды бастады, нәтижесінде 2 инспектор жараланды. Зардап шеккендердің бірі өте ауыр ессіз күйде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жарақат алған инспекторлар Державинск қаласының ауруханасына жеткізілді.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже