400 мың теңге парадан бас тартқан полицеймен сұхбат

26 ақпан, 13:02

​Жаңа толқын, жаңа кейіпкерлер. Біз парадан бас тартқан адамдар туралы әңгіме өрбітеміз. Шымкенттік полицей павлодарлық әріптесінен үлгі алмақ болғандай. Алаяқтық туралы істі жаппақ болған лауазымды тұлға берген 400 мың теңге парадан тәртіп сақшысы бас тартқан. Жандос Сұлтанов өзінің әрекетін ерекше деп санамайды және жұмысын жалғастыруда.

"Мен өзімнің әрекетімді ерекше деп санамаймын. Бұл менің азаматтық борышым. Мені мұндай әрекетке бармақ түгілі параны ойға алмайтындай тәрбиелеген", - дейді полиция майоры Жандос Сұлтанов.

Осы адалдығы үшін басшылығы тәртіп сақшысына ақшалай сыйақы ұсынды.
"Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе басқаша әрекетпен тосқауыл қойған тұлғаларды марапаттау тәртібі бойынша 2019 жылдың 25 ақпаны күні Еңбекші аудандық ПБ тергеу бөлімінің бастығы, полиция майоры Жандос Сұлтанов Шымкент қалалық полиция департаменті жетекшілігінің қолдауымен ақшалай сыйақымен марапатталды", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.
Пара беру фактісі бойынша ҚР ҚК 367-бабының 1-тармағы бойынша Шымкент қалалық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүруде.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже