Шымкент жастары бизнесті қалай бастауға болатынын айтып берді

05 қыркүйек, 16:30

Шымкентте "Soyle" жобасы өтіп жатыр. Бұл жолы жастар конференциясында түрлі сала өкілдері сөз сөйлейді. Олардың арасында фотографтар, кәсіпкерлер, журналистер, қысқасы өз саласында елеулі жетістікке жеткен адамдар бар. Спикерлер қатысушыларға өз жолын неден бастағаны туралы айтты.

Олардың қатарында өз ісінің шебері, "National Geographic" журналының Шымкенттегі кеңесшісі әрі кәсіби фотографы Мақсат Шағырбай да бар. Спикер бұл саланың қыр-сыры баяндап, өз тәжибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, конференцияда жас кәсіпкер Дінмұхамед Дәулет те баяндама жасап, өз ісін қалай құру керектігін айтты. Жас жігіт кофе бизнесін жүргізуде тәжірибесі бар және тәжірибе алмасу, нетворкинг үшін жас бизнесмендерге арналған алаң құруға ниетті екенін атап өтті.
"Soyle " конференциясын жастар түрлі мамандықтарда, соның ішінде бизнесте қандай табыстарға қол жеткізуге болатынын білсе екен мақсатпен өткіземіз. Біздің спикерлер өздерінің табыстары туралы айтып қана қоймай, пайдалы тұстарымен, білімімен де бөліседі. Мұнда нетворкинг үшін жағдай жасалуда", - деді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Алан.

"Soyle" конференциясы осымен екінші рет өткізіліп отыр. Жоба жастар ресурстық орталығының бастамасы бойынша іске асырылуда.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже