Тоқаев жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

19 тамыз, 13:47

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Спорт күнімен құттықтап, жастарды белсенді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

"Еліміздің барлық азаматтарын Спорт күнімен құттықтаймын! Жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын! Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! Үкімет пен Парламент спорттың бұқаралық сипат алуына ықпал етуі тиіс!" деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, елімізде Спорт күні тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл күнге орай барлық облыстарда түрлі спорт додалары ұйымдастырылады.
Атап өтерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үстел теннис федерациясын 13 жыл бойы басқарды. Белгілі болғаны, ол мектеп кезінде жүріп-ақ үстел теннисінен КСРО спорт шеберіне үміткер атанған.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже