Әлемде бір тәулікте 4,5 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

16 сәуір, 11:20

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 16 сәуір күнгі деректер бойынша әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 046 357 адамға жетті. Оның 44 344-і соңғы тәулікте анықталды.

Қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 131 356 адамға жетіп, оның 4 596-сы кеше қайтыс болды. Ал жазылып шыққандарға келсек, күні бүгінге дейін дүниежүзінде 506 684 адам вирусты инфекцияны жеңіп шықса, оның 21 807-сі соңғы тәулікте белгілі болды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже