Ұлттық ұланның жауынгерлері Арыс қаласында тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

25 маусым, 10:00

Бұл туралы Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы хабарлады.

"Ұлттық ұланның жауынгерлері тәулік бойы Арыс қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сенімді күзетін қамтамасыз етеді.
Қала тұрғындарының дүние-мүліктерінің ұрлануы мен тоналуына ұландықтар жол бермейді",-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Арыстағы жарылыстардан бас сауғалап қашқан тұрғындар өз үйлеріне алаңдаулы. Қалада тұрғын үй ұрлығы фактісі тіркелді.

"Қазіргі уақытта Арыс қаласының периметрі бойынша күзет орындары қойылды. Қалада ешкім қалмады. Тұрғын үйлерге зақым келген, жарылмаған снарядтар бар. Тұрғындардың қалаға кіруіне тыйым салынған. Қалада ұрлық пен тонау деректері болмауы үшін 75 полиция жасағы жұмыс істеп жатыр. Қазір үш адам ұсталды, олар екі қылмыс жасаған: бір дүкенді қиратып, бір тұрғын үйді тонаған", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже