Үздік жедел жәрдем бригадасы Шымкентте жұмыс істейді

24 шілде, 09:55

​Астанада өткен жедел жәрдем бригадаларының арасындағы жарыста Шымкент қаласының медициналық мамандары үздік деп танылды.

Елордада жедел медициналық жәрдем бригадаларының және қабылдау бөлімшелерінің командаларының lV республикалық жарысы өтті. Жарысқа республиканың 17 командасы қатысып, екінші орынды Шымкент қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы иеленді.

Жарыс барысында біздің жерлестеріміз политравма, анафилактикалық шок, босану, реанимациясы бар жіті коронарлық синдром, ЭКГ мағынасын ашу сияқты әртүрлі станциялардан өтті және ең үздік нәтижелер көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласында бригада құрамында Шымкент қаласының Жедел жәрдем стансасының ең лайықты медициналық мамандарының бірі: дәрігер - Мылтықбаев Мақсат, фельдшер - Уринбаев Бауыржан, Медетбек Салтанат болды.

Жерлестерімізді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже