ІІМ Жанар Хамитованың өліміне қатысты: "Өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды"

17 қыркүйек, 14:30

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың өліміне қатысты іске пікір білдірді.

Бұл туралы министр Үкімет кулуарында айтты.

"Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай тексеріліп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі болғанын бәріңіз білесіздер. Осыған байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалып, кейбір нюанстары істің аясында тексерілетін болады", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Естеріңізге салсақ, кеше әнші Жанар Хамитованың өзінің туған жері Қарқаралыда қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Өнер иесі өз-өзіне қол салған деген ақпарат шықты, алайда отандық тілшілерге берген сұхбатында әншінің туыстары Хамитованың жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әнші Жанар Хамитова отандық "Астарлық ақиқат" бағдарламасына қонақ болып келіп, өзінің қиын тағдыры туралы айтқан болатын. Өз сөзінде 30 жастағы Хамитова бірнеше рет өз-өзіне қол салмақ болғанын да мәлімдеді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже