Малайзияның бұрынғы премьер-министрі істі болды

28 тамыз, 16:12

Малайзияның Жоғарғы сотында елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың соты болып жатыр, деп хабарлайды Bernama басылымы.

Оған 1Malaysia Development Berhad (1MDB) мемлекеттік инвестиция қорынан 546 млн АҚШ долларынан астам қаржы жымқырды деген айып тағылды.Жалпы Разакқа төрт түрлі айып тағып отыр.

Мемлекеттік айыптаушылар Наджиб Разак 2011 жылдың 11 ақпанынан 2014 жылдың 19 желтоқсанына дейін AmIslamic Bank банкінің бөлімшесінде заңға қайшы әрекеттер жасады дегенді алға тартады.

66 жастағы бұрынғы премьердің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже