Құмар ойынға қомақты қаржысын ұттырған қазақстандық айырбастау пунктін тонап кетті

11 маусым, 16:30

Орал қаласының тумасы букмекерлік кеңседе ірі көлемдегі ақшаға ұтылған соң, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған, деп хабарлайды Астана қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Азамат кассирді пышақпен қорқытып, кассадан 10 миллион теңге алып, белгісіз бағытқа қарай бой тасалаған.

Полицейлер күдіктіні ізін суытпай бір тәулік ішінде ұстап, жеке басын анықтады.

Ұсталған қылмыскер ұрланған ақшаны жұмсап үлгермеген. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан аласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айғақты зат ретінде пышақ пен ақша тәркіленді. ҚР ҚК 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже