Сотталған кісіні жұмысқа қабылдаған: Маңғыстау ауданының экс-әкімі жауапқа тартылды

11 маусым, 16:58

Маңғыстау ауданының экс-әкімі 2018 жылдың 7 маусымында «Маңғыстау жылу, су» МКК директоры қызметіне бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған азаматты жұмысқа қабылдаған. Бұл дерек ҚР МҚІжСЖҚІ агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің әкімдік аппаратына жүргізген жоспардан тыс тексеруі кезінде анықталған, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz сайты.

Департаменттің хабарлауынша, Ж. Айтуаров Маңғыстау ауданының әкімі қызметін атқарып жүріп 2018 жылдың 7 маусымында №12 ө/жқ өкімімен «Маңғыстау жылу, су» МКК директоры қызметіне бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған азамат Е. Куйкішовты жұмысқа қабылдаған.

Сот қаулысымен Ж. Айтуаров ӘҚБтК-нің 681-бабында көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 АЕК мөлшерінде, яғни 252 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Жұмысқа заңсыз қабылданған азамат Е. Куйкішов Маңғыстау аудандық прокуратурасының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 2-1105-190034 наразылығы негізінде жұмыстан босатылды. Апелляциялық инстанция аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды», — делінген хабарламада.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже