Маңғыстауда жол бойында көлік апатына арналған ескерткіш қойылды

12 маусым, 10:30

Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы жолаушылар жол-көлік оқиғаларына арналған ерекше ескерткішті тамашалай алады.

Инсталляцияны Маңғыстау облысының полициясы орнатқан.

Ескерткіш Ақтау – Жаңаөзен тас жолының жиегінде жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салу үшін орнатылған. Инсталляциядағы көлік - осы жерде жол апатына ұшыраған жол талғамайтын көлік. Сол кезде аударылып кеткен машинада үш адам болған, үшеуі де дін аман.

"Жол-көлік оқиғасы бұрын орын алған, бірақ біз жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары туралы ескерту ретінде осы автомобильді орнатуды шештік", - деп түсіндірді полицейлер.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже