Денсаулық сақтау министрі браконьерлер оқ атқан екінші қорықшының жағдайы туралы айтты

25 шілде, 15:13

ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жараланған инспектордың жай-күйі туралы айтты.

"Жарақат алған инспектордың жағдайын өз бақылауыма алғанымды айта кетейін. Маған күн сайын оның хал-жағдайы туралы баяндап отырады. Қазір оның жағдайы орташа ауыр болып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Көкшетау облыстық ауруханасында емделіп жатыр", - деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңіге сала кетейік, 23 шілдеде Ақмола облысы Бірсуат ауылында төрт қорықшы киікті қорғау мақсатында өңірді көлікпен шолуға шыққан.

Олар "Нива" көлігін мінген браконьерлердің үстінен түсіп, тәртіп бұзушылар қорықшыларға оқ жаудырады. Оқиға салдарынан жарақат алған Қаныш Нұртазин көз жұмды. Екінші қорықшы Самат Оспанов кеудесі мен иығынан жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.





Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже