Әміржан Қосанов митинг кезінде ұсталғандардың босатылуын талап етті

14 маусым, 16:00

Мұндай талапты Президент сайлауында кандидат болған Әміржан Қосанов Facebook желісіндегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Ол сөз жазбасында ешкімді наразылыққа шығуға шақырмағанын және ондай қадамға бармайтынын атап өтті.

"...Осы күндері өтіп жатқан наразылық акцияларына қатысты баса айтқым келеді.

Жаңаөзен қанды қырғыны кезінде жарақат алған жастарды Ақтау ауруханасында көргеннен кейін саясаткер ретінде мен мынадай бір шешімге келгенмін: билікке қарсы күресті заң аясында жүргіземін, ертеңгі күні белгілі бір арандатудың кесірінен адам айтқысыз трагедияға, репрессияға әкеп соғуы ықтимал заңсыз әрекеттерге шақырмаймын. Билік үшін таласта ағайынның, соның ішінде, жастардың бір тамшы көз жасы мен бір тамшы қаны тамбауы тиіс! Бұл принципті ұстанымым туралы мен сайлау алдында және оның барысында баршаға ашық айтқанмын!
Сондықтан да, алдын-ала айтқанымдай, мен «президент бола алмадым» деп, азаматтарды заңсыз акцияларға шақыра алмаймын! Әрине, радикалды ағайын мені осы позициям үшін сынап жатар, бірақ менің азаматтық таңдауым осындай!

Сонымен бірге, осы күндері наразылық акцияларына шығып жатқан азаматтарға қарсы күштеу әдістерінің қолдануына, оларды тұтқындауға қарсы өз наразылығымды білдіремін. Тұтқындағылар дереу бостандыққа шығарылсын!" деп жазды Әміржан Қосанов.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже