Арыс қаласындағы құрылысқа келген ер адам баланы көлікпен қағып, артынша ізін суытқан

29 тамыз, 16:10

​Арыс қаласына құрылысқа келген ер адам баланы автокөлікпен қағып, апат орнынан ізін суытқан. Бұл туралы Түркістан облысы ПД хабарлады.

Баланың ата-анасы құқық қорғау органдарына өтініш жазды.

Полиция қызметкерлері қаладағы бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, тәртіп бұзушыны анықтау бойынша басқа да іс-шаралар өткізді.
Бірнеше сағаттан кейін күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың автокөлігінің салонынан есірткі заты бар пакет тапты.
Ер адам Арыс қаласына Шымкенттен құрылыс жұмыстары бойынша келген.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже