Шымкенттегі ЖОО-да наркопритон анықталды

18 шілде, 19:48

​Шымкент қаласындағы университеттердің бірінің спорт залында есірткі заттарын тұтыну үшін ұйымдастырылған притон орналасқан. Мұны полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 302-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты дәл сол мақсаттар үшін үй-жайлар беру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже