"Қауіпсіздік талаптарын бұзу": Шымкентте газ құю стансасындағы жарылыс бойынша тергеу басталды

10 маусым, 14:05

​Газ құю стансасындағы жарылыс фактісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Тергеу ҚР ҚК 292-бабы " өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша басталды.Тассай шағынауданында жарылыс болды. Нәтижесінде нысанның 1999 жылы туылған қызметкері Ерлан Анар зардап шекті",-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жас жігіт Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Ол реанимацияда.

Естеріңізге сала кетейік, өрт 11.03-да Тассай шағын ауданындағы газ қоймасында басталған болатын. Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, жарылыс қаупіне байланысты шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілді. Өрт сөндірушілер 11.20-да оқиға орнына келді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже