Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды

21 маусым, 13:00

Капсула ҚБТУ ғимаратының алдындағы саяжолға салынды. Символы ретінде тас композиция қойылды.

Таста ұлттық оюлардың заманауи көрінісі бейнеленген. Олардың таста қашалу әдісі ежелгі петроглифтерге барынша жақындатылған.

Таста латын тілінде мынандай мәтін жазылған:

"Qazaqstan Respýblikasynyń Tuńǵysh Prezıdentі – Elbasy N.Á. Nazarbaevtyń keleshek urpaqqa arnaǵan ýaqyt kapsýlasy Qoıylǵan kúnі - 21.06.2019 j. Ashylatyn kúnі - 22.06.2049 j."

Жұмыс авторы Санжар Жұбанов.

"Қазақстан тарихының көркем өнерінің әртүрлі кезеңдерінің ұштасуы халқымыздың бірнеше мыңжылдық тарихының көрінісі, ұрпақтар арасындағы мызғымас байланыс, мәдениет пен дәстүрдің жалғасуын, сондай-ақ болашақпен тығыз байланысты білдіреді",- деді Қазақстанның Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі.

Тұңғыш президенттің жолдауы жазылған капсуланы болашақ ұрпақ 2049 жылы, 30 жылдан кейін ғана аша алады.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже