Назарбаев өрттен қаза тапқан бес баланың туыстарына көңіл айтты

05 ақпан, 14:15

"Кеше Астанада үлкен қайғылы оқиға орын алды. Өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты. Ата-аналар мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Жақында мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендер отбасыға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетуді тапсырдым.

Барлық өңірлердің әкімдері мен басқа да сала қызметтермен бірлесіп өртке қарсы қауіпсіздікті бақылауды күшейтіп, қажетті тексерулер мен халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Мұндай қайғылы жағдайлар қайталанбас үшін қажет барлық шараларды жасап, алдын алу керек."

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже