Норвегиядағы арал тұрғындары уақыт өлшемінен бас тартпақ

19 маусым, 14:30

Норвегиялық Саммарей аралының тұрғындары жергілікті билікпен 18 мамыр мен 26 шілде аралығында осы аумақтан уақыт өлшемін алып тастау туралы келіссөздерді бастайды. Бұл туралы CNN-ға сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Бұл аралықта аралға полярлық күн келеді. Күн батуды тоқтатқан кезде, Саммарей тұрғындары уақытқа назар аудармайды. Адамдар ұйықтау немесе тұру уақытын байқамайды және өз кестесі бойынша өмір сүреді.

Осыған байланысты, тұрғындар жергілікті депутаттарға аралда "уақытсыз аймақ" құруды ұсынбақ. Кездесу маусым айында өтуі керек. Онда тараптар бастаманың құқықтық және практикалық жағын талқылайды.

Қазір аралға апаратын көпірге сағаттар ілінген. Туристер полярлық күнге байланысты уақыттан жаңылуда.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже