"Нотариалды сенім хат керек": Алматыда балабақшадан баланы алып қайту қиындай түсті

26 шілде, 17:00

Енді Алматыда балаңызды балабақшадан өзіңіз алып кете алмайтын болсаңыз, туысыңыз немесе жақыныңыздың атына сенім хат беруіңіз қажет.

ҚазАқпарат агенттігінің мәліметінше, Алматы балабақшалары баланы туыстарына нотариалды куәландыратын сенімхатты көрсеткен кезде ғана береді.

«Балабақшадан кішкентайларды ата-анасы алу керек. Бұл талап бұрыннан бар. Көп жағдайда ата-аналар тәрбиешілерге қоңырау шалып балаларын туыстарына немесе таныстарына беруін сұрайды. Ата-аналардың жағдайына түсіністікпен қараған балабақша қызметкерлері келіседі. Енді оған қатаң түрде тыйым салынды. Біз балаларды қорғауымыз керек. Сондықтан, бүгіннен бастап бүлдіршіндерді туыстары тек нотариалдық түрде куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ғана алуға құқылы», - дейді Алматы қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Әлия Сағиева.

Еске салсақ, күні кеше Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды. Күдікті сол мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісі болып шықты.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже