"Бизнесмендерді қорқытып ақша бопсалаған": ҚР ҰҚК қылмыстық топты ұстады

12 қыркүйек, 19:10

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың жолын кесті. Топ мүшелері бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы жүйелі түрде ақша бопсалаумен айналысқан.

"Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталған. Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша табылды" делінген ведомстмо хабарламасында.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ФОТО: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже