Нұр-Сұлтан әкімі Көлгінов Facebook желісіне тіркелді

14 маусым, 12:00

Күні кеше ​Нұр-Сұлтан қаласына әкім болып тағайындалған Алтай Көлгінов Facebook әлеуметтік желісіне тіркелді, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Құрметті достар! «Twitter» және «Instagram»-нан бөлек, қолданушысы көп «Facebook» әлеуметтік желісінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым. Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер - тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қарастырамыз. Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Қаламызды жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық!», - деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже