Нұр-Сұлтанда аудан әкімі 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

10 қыркүйек, 13:30

Бұл туралы Нұр-Сұлтан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ақпарат таратты.

«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары жеке компанияның директорынан 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол ауданды жарықтандыруға қатысты мемлекеттік сатып алу туралы келісім бойынша орындалған жұмысқа қол қойылуы үшін қамқорлық жасамақ болған» делінген агенттік хабарламасында.

Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасарына қатысты іске сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже