Нұр-Сұлтанда өрт кезінде қаза тапқан бес қызға ескерткіш орнату жоспарлануда

01 шілде, 18:00

Алматылық суретші әрі дизайнер елордада осы жылдың басында қаза тапқан бес апалы-сіңлілі туралы ескерткіш жасауды бастады. Бұл туралы "Республика-аймақ-даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук өзінің фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Әлем елдерінде осындай мемлекет пен менталитеттегі өзгерістердің катализаторы болған қайғылы оқиғаларға ескерткіш немесе мемориал орнатады. Мұндай ескерткіштердің негізгі ойы - "есте сақтау!". Міне, қайтыс болған қыздарға ескерткіш мемориалын қою идеясы келді, оны досымыз Олжас Мұхамеди шығармашылық жағынан жүзеге асырып жатыр", - деп хабарлады Facebook желісінде Байтук.

Мүсінші Олжас Мұхамеди 19 жасында ағасымен ашқан графикалық дизайн студиясын 11 жылдан астам уақыт басқарып келеді. Ол "Халық сүйіктісі" сыйлығының мүсіншесі ретінде танымал.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Нұр-Сұлтанда жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес қыз қаза тапты. Өрт 30 шаршы метрді шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан. Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. Өрт сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже