Нұр-Сұлтандық келіншек күйеуін қорқытпақ болып 32-қабаттың терезесінде салбырап тұрған

28 шілде, 21:00

Оқиға "Северное сияние" көпқабатты тұрғын үйдің 32-қабатында орын алған.

Stan.kz агенттігінің жазуынша, жас келіншектің фотосы желіде пайда болған. Желі қолданушыларын шошытқан суретке қатысты төтенше жағдай департаментіндегілер ешқандай пікір білдірмеді. Себебі Нұр-Сұлтандағы бұл көпқабатты тұрғын үйде ешқандай хабарлама келіп түспеген.

Ал қалалық Полиция департаментінің берген мәліметінше, оқиға расымен де болған. Тәртіп сақшылары келіншек пен оның күйеуін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген.

"Тексеру кезінде келіншек күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін, осылайша күйеуін қорқытпақ болғанын түсіндірді. Төмен секіретін ойы болмаған", - деп хабарлады полиция департаменті.

Медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылар мас күйінде болғаны анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже