Әнші Индира Расылхан жансақтау бөлімінде жатыр

15 тамыз, 12:58

Бұл туралы әншінің көмекшісі Арай Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Аллаға мыңда бір Шүкір! Индира ханымның отасы сәтті аяқталды. Қазір жан сақтау бөлімінде. Толассыз келген хаттарыңызбен, тілеген тілек, дұғаларыңызға Алла разы болсын! Көрерменінің шынайы тілекшісі екені, құрбыларының, әріптестерінің ішінде беделді екені осыдан-ақ көрініп тұр!", - дейді әншінің өкілі.

Екі сағатқа жоспарланған ота бір сағатта аяқталған. Арай алаңдаған оқырмандарына алғысын айтты.

"Алаңдап жазған хаттарыңыз бен қоңырауларыңыз үшін көп рақмет! Көптің жақсы тілегімен аман-есен сол күндерді артқа тастадық! Алла қаласа, орталарыңызға әсем әнімен оралуын жазсын!", - дейді Арай.

Белгілі болғандай, әншінің ішкі құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап келгендіктен, ота жасатуға мәжбүр болған.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже