Әнші Сиви Махмуди жол апатына түсті

02 қыркүйек, 11:48

Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Апат өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы Ремизовка көшесінде орын алды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мас күйде жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Соққының қатты болғаны соншалық, әнші мінген автокөлікке айтарлықтай зақым келіп, Сиви Махмуди түрлі дене жарақаттарын алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оның қолы сынып, бас жарақатын алғанын анықтады.
Жол-көлік оқиғасының себептерін қалалық жол-патрульдік полиция қызметкерлері анықтайды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Porsche-мен соқтығысқан. ЖКО салдарынан Porsche жолаушысы дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта бұл факт Бостандық ауданы ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесінде тексерілуде. Тиісті сараптамалар жүргізілетін болады", - деп хабарлады полициядан.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже