Он айлық бала бактериялық инфекциядан көз жұмды

11 маусым, 10:30

Қайғылы жағдай Оралдағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында орын алды.

Дәрігерлер сәбидің өмірін құтқару үшін барлығын жасағанын айтады.

"Күн сайын консилиумдар өткізіліп, телемедицина бойынша Республикалық Ана мен бала орталығы мамандарымен сырттай кеңес өткізілді, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар аурулары кафедрасының доценті мен күндізгі кеңес өткізілді. Алайда, өкінішке орай, баланы құтқару мүмкін болмады", — деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында менингококк инфекциясы өлімнің себебі болуы мүмкін деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды "Мой город"порталы.

Бактериялық инфекциялардың ерекшелігі - бактериялардың тіршілік ету процесінде және бактериялар өлгеннен кейін одан қабыну, уыттану және тіндердің зақымдануын тудыруы мүмкін токсиндер бөлінеді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже