Оралда дауылдан кем дегенде бес адам зардап шекті

06 тамыз, 11:53

5 тамызда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетті.

Оралда Әбілхайыр хан даңғылы бойында автокөлікке ағаштың ауыр бұтағы құлады. Жарықшақ 31 жастағы ер адамның көзіне түскен. Зардап шегуші облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілді.

Облыс орталығында 16 жасар қыз бен екі зейнеткер де жарақат алды. Қарт әйелдердің үстіне бұта құлап кеткен. Ал қала маңындағы Желаево кентінде сегіз жасар қыз ұшып түскен шифердің бөлігінен жарақаттады.

Жасөспірім, қыз және зейнеткер әйел Орал қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді.

Сонымен қатар, жергілікті ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, дауыл Казталов ауданы Жаңажол ауылындағы Жаңажол орта мектебінің шатырын жұлып әкетті.

Дауыл сондай-ақ Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында Ықсанов атындағы колледждің спорт залының, Тасқала ауданы Тасқала ауылында Жұмыспен қамту орталығының шатырын, Қазталов ауданы Казталовка ауылында 25 ш. м. "Қазпошта" ғимаратының жылытқыш қаптамасын жұлып кетті.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже