"Қордайда" ер адам улы затпен қолға түсті

20 маусым, 15:00

"Допинг" жедел алдын алу шарасы барысында улы заттардың контрабандасы анықталды. Ер адам сынапты шекарадан өткізбек болған. Оны "Қордай" бекетінде ұстады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"Қордай" бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өту барысында Алматы облысының тумасы, 1950 ж. т., М. есімді азамат 3,4 кг сынапты шекарадан өткізуге тырысқан.

Қазіргі уақытта улы заттың шыққан жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, "Допинг" жедел алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша 9 қылмыстық құқық бұзушылық, 28 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлімі бойынша дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз босатудың 17 фактісі тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке 28 адам тартылды, оның ішінде 6 медицина қызметкері бар.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже