Қостанайда 17 жастағы бойжеткен дүниеге үшем әкелді

05 маусым, 11:00

Жас ана Ирина үшемді дүниеге әкелемін деген болжамның болмағанын айтты. Дәрігерлер оған егізге жүкті екенсің деген екен, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қостанай облысындағы Лисаковск қаласының тұрғыны салмағы 1,4-тен 2,1 келіге дейін екі қыз бен бір ұл дүниеге әкелді. Жас отбасының бірден үш сәбимен толығуына әсіресе жанұяның әжесі ерекше қуанып отыр. Айтуынша, алғашқы немерелерінің жарық дүние есігін ашуы үлкен жаңалық пен тосын сый алып келген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар 17 жастағы жас ана мен сәбилердің жағдайы жақсы деп отыр. Жақын уақытта олар үйлеріне шығарылады.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже