Қостанайда 83 жастағы зейнеткерді өлтірген күдікті Ресейге қашпақ болған

05 қыркүйек, 15:00

Оқиға Қостанай облысы, Мендіқара ауданының Қасқат ауылы маңында орын алған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай шекара отрядының қызметкерлері полицейлермен бірігіп, «Ұзынкөл» шекара комендантының аумағында 1991 жылы туған Қазақстан азаматын қолға түсті.

«Ер адам қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Ресей Федерациясының шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған. Ол 83 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қазір күдікті Меңдіқара аудандық полиция бөлімінде қамауға алынды. Күдіктіге ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағы «Кісі өлтіру» бойынша айып тағылды», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже