Қостанайда күшті жарылыс болды

17 маусым, 15:45

Жарылыс Қостанай қаласындағы газ баллон жабдығын орнату бойынша ТҚС-да болған.

Автокөлікте баллон жарылған, жарылыс салдарынан ғимараттың бір бөлігі құлады.

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті.

«17 маусым күні сағат шамамен 12-00-де Қостанайда, Лермонтов көшесі бойындағы екі қабатты техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жадбық жарылды. Жарылыс салдарынан ғимараттың 90 пайызы қирап, өртенді. 7 адам зардап шекті. 6 адам ауруханаға жеткізіліп, 3 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен тағы бір адамға Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, оқиға орнында жедел штаб құрылған. Газбен жабдықтау мен электр энергиясы уақытша ажыратылған. Өрт сағат 12,47-де сөндірілген. Тілсіз жаумен күреске 98 маман мен 30 техника жұмылдырылған.

«Сағат 13-24-те 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды», - деді Н.Нұрахметов.




Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже