Петропавлда бутиктен көйлек ұрлаған ер кісі ұсталды

17 қыркүйек, 14:00

Ер кісінің ұрлық жасап жатқан сәтінің видеосы алдымен әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылардың назарына сауда үйінде сатушыларға білдіртпестен манекеннен көйлекті ұрлаған белгісіз жас жігіт түсіп қалған бейнежазба ілігеді. Төбеге орнатылған бейнебақылау камерасына адамдар аз жүрген бутиктер жақты торлап жүріп, манекеннен қызыл көйлекті епті шешіп, ізін суытқан ер адам түскен.

"Полицейлер күдіктінің жеке тұлғасы мен жүрген жерін анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 37 жастағы петропавлдық болып шықты. Аталған тұлға өз кінәсін мойындап, бейнебақылау камерасын байқамағандығын айтып түсіндірді және құны 7000 теңгеден асатын ұрланған көйлекті сауда үйіне жақын маңда екі мың теңгеге сатқан" делінген Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген хабарламада. ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀

Манекеннен көйлектің жоғалғанын байқаған сауда үйінің қызметкерлері бірден камерадағы жазбаны мұқият зерделеуге кіріскен. Түсірілген бейнеден қажетті фрагментті ұрының қайта келуіне дайын болу үшін мессенджердің чатына орналастырады. Мессенджерден бейне қалалық әлеуметтік желілердің пабликтері мен топтарына түскен. Оны бірден криминалдық полицияның жедел уәкілдері көрген. Айта кететіні, көйлекті ұрлау фактісі өтініш жазылғанға дейін ашылды. ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Қазіргі уақытта ұрланған зат иесіне қайтарылып, қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже