Шымкент полицейлері жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады

13 тамыз, 18:02

Шымкент полицейлері жоғалған баланы ата-анасына қайтарып берді. Бес жасар бала із-түссіз жоғалып кетті, оны іздеуге полиция қызметкерлері бірнеше сағат жұмсаған.

"Абай ауданы Игілік елді мекеніндегі үйлердің бірінде алты бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар таңертең оянып, бес жасар баласы жоғалып кеткенін анықтады. Олар ұлын іздемек болғанымен, нәтиже шыққан жоқ. Шамамен сағат 15-те ата-аналар болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Оқиға орнына бірден Абай АІІБ қызметкерлері шықты. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлердің сауалдарын жүргізді. Төрт сағаттан астам іздеген. Жоғалған баланы Игілік елді мекеніндегі көшелердің бірінде тауып, ата — анасына қайтарып берді",-делінген Шымкент ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже