Полицейлер адасқан ағайынды балаларды тауып, анасына табыстады

12 тамыз, 12:00

Бұл туралы ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

«Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасы барысында 11 жасар қыз бен 10 жасар ұл бала түнгі сағат 3-терде Сарыағаш қаласы көшелерінің бірінде табылды. Полицейлер балаларды Сарыағаш АПБ-не жеткізіп, ас-суын беріп тамақтандырған.

Психологты балалармен тілдестірген тәртіп сақшылары жасөспірімдердің кешкі сағат 17:00 шамасында тұрғылықты мекен-жайынан шығып, әкелеріне бармақ болып, адасқандары анықталды. Анасымен тұратын бауырлар әкелерін сағынғандықтан, сол үйге өздері бармақ болған.
Әпкесі мен інісі айтқан мәлімет бойынша тұрғылықты мекен-жайлары анықталып, балалар анасына табысталды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже