Полицейлер ерекше балаларға қайырымдылық көрсетті

31 мамыр, 20:06

1-маусым «Балаларды қорғау күні» қарсаңында Түркістан облысы полицейлері қайырымдылық акцияларын өткізді, деп хабарлайды ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Сарыағаш АПБ-нің тәртіп сақшылары биыл 3-ші жыл мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайын біліп, сый-сыяпаттар жасады. Аудандағы «Үміт» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықта күн сайын 3-15 жас аралығындағы 100-ге тарта бала ем қабылдайды.

Биылғы балаларды қорғау күні қарсаңында Сарыағаштық полиция қызметкерлері осындағы балаларға қажетті киім-кешектертерін алып берді. Сондай-ақ емделушілердің біріне планшет сыйлады. Мұндай қайырымдылық акцияларын полиция қызметкерлері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізеді.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже