"Полицейлерге шабуыл жасаған": Петропавл тұрғыны көпқабатты үйді жарып жібермек болды

19 қыркүйек, 16:00

Петропавл қаласындағы 20 ықшам ауданының екі тұрғыны арасында кикілжің туындаған. Оның бірі питбуль тұқымды итін серуенге тұмылдырықсыз алып шыққан. Екінші тұрғын оған ескерту жасайды. Алайда ит иесі дөрекілік танытыпты.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, "102" қызметіне тұрғынды иттің тістегені туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан бөлек, жанжал кезінде ит қожайыны жәбірленушіге арқа тұсынан пышақпен соққы жасаған. Ол №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы ит иесінің пәтеріне кіре алмаған. Себебі 39 жасар ер адам есікті ашуға үзілді-кесілді бас тартқан. Ол тіпті газды ашып, "үйді жарып жіберемін" деп қоқаң-лоқы көрсеткен. Осы кезде полицейлер мен ТЖД қызметкерлерімен подъезді газ, электр жүйесінен ажырату туралы шешімі қабылдайды.

Полицейлер мен үй ауласында жиналған адамдарды көрген пәтер иесі және 1982 жылы туған бірге тұратын әйел терезеден төменге секірмекші болған.

"Ер адам өткір заттарды алып, қолын кескіледі. Полицейлер өрт сөндіргіш автосатысын пайдаланды, алайда, пәтер иесі ашылған терезеге қарай пышақты не басқа да өткір металл заттарды алып полицейлерге шабуыл жасады, кейін терезені жылдам жауып алды. Арнайы мақсаттағы және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 3 сарбазы 7 қабаттағы терезені бұзып, пәтерге басып кірді, үй иесін қарусыздандырып, итті шеткі бөлмеге қамады" делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже