Түркістан облысының полицейлері 16 қылмыскерді тұтқындады

21 қыркүйек, 10:05

Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 16 қылмыскерді құрықтады. Оның8-і халықаралық іздеуде болған. Қашқында жүрген заң бұзушылар "іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табылды. Қалғаны хабар-ошарсыз кеткендер ,- деп хабарлайды polisia.kz.

"Іздестіру" жедел алдын алу шарасы барысында Төлеби АПБ криминалдық полициясының қызметкерлері аудан аумағында 2016 жылдан бері есірткі заттарын тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады. Қылмыскер полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта полицейлер істің барлық мән-жайын анықтап жатыр" делінген департаменеттің баспасөз хабарламасында.
Жасырынып жүрген тағы қылмыскерді Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Қазақстан азаматын Өзбекстан Республикасының Ішкі істер органдары контрабанда үшін 2010 жылдан бері іздестіріп келеді. Сол күні Түлкібас АПБ қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін 2012 жылдан бері Ресейдің Забайкальск округі бойынша іздестіріліп жатқан Қазақстанның басқа азаматын құрықтады.
Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, криминалдық полицияның сот төрелігі органдардан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі және алдағы уақытта да іздестіру шарасы жалғаспақ.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже