Астанада 5 бала өрттен мерт болды

04 ақпан, 14:16

Қайғылы жағдай бүгін болды. Сарыарқа ауданындағы Көктам-1 тұрғын алабындағы үйдің ауласынан өрт шығып, шағын үй өртенді. Үйдің ішінде болған бас баланың барлығы (ең үлкені 2006 жылы туған, ең кішісі 3 айлық бала) мерт болды.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов осы қайғылы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өткізді.

«Басына қайғылы жағдай түскен отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қала басшылығы өрт болған жерге барды, марқұм балалардың ата-анасымен психологтар және әлеуметтік қызметтің мамандары жұмыс істеуде. Сарыарқа ауданының әкіміне бұл отбасыға материалдық қолдау көрсетіп, жерлеу рәсіміне көмек беруді тапсырамын», - деді қала әкімі.
ТЖД бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев тұрғын алабында бұған дейін өрт пен басқа да төтенше жағдайдың алдын алу бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілгенін айтады.
«Бұл үйге де ТЖ қызметкерлері келіп, олқылықтарды жөндеуге қатысты ұйғарым берген», - деді Аманбаев.

Бақыт Сұлтанов аудан әкімдері мен төтенше жағдай департаментінің басшыларына полициямен бірге тез арада тұрғын үй секторын аралап, әр үйдегі өрт қауіпсіздігін тексеруге тапсырма берді.

«Бұл сіздердің тікелей міндеттеріңіз, мен ол туралы әр реті келгенде еске салуға тиіс емеспін! Бұл жұмыстарды әлдеқашан жүргізу керек еді, ТЖ департаменті тарапынан кеткен олқылық. Сіздер осындай үйлердің тұрғындарының аттарын жаттап алу керексіздер», - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.
Әкім қайғылы жағдайдың барлық себеп-салдарын тексеруді тапсырды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже