Прагада қазақстандық азамат көз жұмды: СІМ пікір білдірді

12 қыркүйек, 16:30

Чехияда қазақстандық азамат көз жұмды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Қазіргі уақытта жігіттің денесін жақын күндері Прагадан Алматыға жеткізу үшін әуе компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Қазақстандық елшілердің Алпысбаев жұмыс істеген чехиялық Wunderman компаниясымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде, компания дененің Қазақстанға жеткізілуіне қажетті шығындарды төлеп береді», - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін 27 жастағы Есет Алпысбаев Чехия астанасында 4-дәрежелі қатерлі ісіктен көз жұмғаны туралы ақпарат шықты. Ол Прагада 2011 жылдан бері тұрған екен. Жігіттің асқазаны қатты ауырып, чехиялық ауруханаға түскен.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже