Қазақстан Президенті он мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

03 қыркүйек, 17:21

​Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін қоса атқаратын бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінен сенім грамоталарын қабылдады. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша «Ақорда» резиденциясында өтті.

Елшілер Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Густаво Адольфо Лопес Кальдерон (Гватемала Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуца (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Рамиз Башич (Черногория), Симон Марко Мумви (Біріккен Танзания Республикасы), Манаса Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды.

Ақорданың жазуынша, Қазақстан Президенті дипломатиялық корпус өкілдеріне арнаған сөзінде саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін мәлімдеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге қайырымды істеріне табыс тілеп, мемлекеттерінің басшыларына сәлемін жолдады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже