Президент браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторды марапаттады

04 ақпан, 15:39

Мемлекет басшысы «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті қызметтік борышын өтеу барысындағы батылдығы мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл орденмен Ерлан Нұрғалиевтің әріптесі Ницык Петр Алексеевич та марапатталып отыр.

Еске салайық, 13 қаңтар күні инспекторлар Ерлан Нұрғаливе пен Петр Ницыкқа Қарағанды облысы аумағында шабуыл жасалды. Соның салдарынан инспекторлар ауыр жарақат алып, Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды.
Достары мен әріптестері марқұмның әрқашан принципшіл және өте шыншыл болғанын еске алады. 53 жасқа келсе де мығым денелі, денсаулығы мықты болған. Инспектор соңғы алты жылында Нұры ауданындағы сирек кездесетін, жоғалуға жақын жануарларды қорғап келді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже