Тоқаев Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту хатын жолдады

26 шілде, 15:47

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап Elitar.kz.

«Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже