Президент енді жақпай калған Twitter оқырмандарын бұғаттай алмайды

11 шілде, 08:41

АҚШ соты Дональд Трампқа Twitter пайдаланушыларын бұғаттауға тыйым салды.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Твиттерге деген сүйіспеншілігімен танымал. Десе де ол пікірлерін қолдамайтын оқырмандарына тым қатал. Егер бұрын Мемлекет басшысы мұндай пайдаланушыларды ойланбай-ақ бұғаттаған болса, енді оның бұл әдетіне заңнамалық деңгейде тыйым салынды — апелляциялық сот Трампқа бұл американдық Конституцияға қайшы келеді және азаматтардың сөз бостандығы құқығын бұзады деп қаулы етті.

"Бірінші түзету [Конституцияның] кез келген ресми мақсаттар үшін әлеуметтік желіде есептік жазбаны пайдаланатын мемлекеттік лауазымды тұлғаға шенеунік келіспейтін пікір білдіруіне байланысты ашық онлайн-диалогтан адамдарды шығаруға мүмкіндік бермейді",-делінген апелляциялық соттың шешімінде.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже