Прокурорға 4 млн теңге пара бермек болған "іскер" әйел істі болды

18 шілде, 11:50

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалған кәсіпкерлік құрып, оған басшылық етті деп күдікке алынған Тикунова К.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"К. Тикунова өзінің көлеңкелі бизнесі бойынша прокурорлық тексеруді тоқтату туралы мәселені шешу мақсатында Шымкент қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасарына 4 миллион теңге көлемінде пара беруге оқталған", - делінген хабарламада.

17 шілде 2019 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен К. Тикунова 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталушы коммерциялық және өзге де ұйымдарда басшылық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрылды.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже