Ресейде Тайга өртке оранды

31 шілде, 12:06

Сібірде ай басынан бері ормандар өртенуде. 29 шілде күні өрт алаңы 1,6 миллион гектардан асты, деп хабарлайды lenta.ru.

Ресейдің бірнеше аймақтарында орман өрттері өршуде, төтенше жағдай режимі елдің төрт өңірінде енгізілді — Иркутск облысының барлық аумағында, Красноярск өлкесінде, Бурятияның бір ауданында және Якутияның бір ауданында. 30 шілдедегі жағдай бойынша «Авиалесоохрана" ФБУ сайтында хабарланғандай, мамандар жалпы ауданы 96 445 га болатын 137 өртті сөндірумен айналысуда.

2,8 млн га алаңдағы тағы 307 өрт ошағы бойынша өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Хабарламада айтылғандай, өрт алыс жерде және адамдарға немесе құрылыстарға қауіп төндірмейді.

Өрт Тайгадағы флора мен фаунаға орасан зор шығын келтіруде.

Бір миллион гектардан астам Тайга жанып жатқан Якутиядағы жағдай фотогалереяда.

Фото: gazeta.ru

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже