Сайлау: Қазақстанда ТМД-дан 432 бақылаушы жұмыс істейді

07 маусым, 17:30

Сайлау қарсаңында елге шетелдік делегациялар келіп жатыр. 20 мамырдан бастап Қазақстандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы миссиясының өкілдері жұмысты бастап та кеткен.

432 ұзақ мерзімді бақылаушылар үміткерлердің сайлау алдындағы науқандарының барысына мониторинг жасауда. Миссия басшысы Сергей Лебедевтің айтуынша, барлық қатысушылардың осындай жұмыс тәжірибесі бар, ал олардың бірқатары ТМД елдерінің Орталық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері.

«Біз сайлау алдындағы және сайлау науқанының барысында қандай да бір кемшіліктерді табу үшін ғана емес, сонымен қатар әріптестерімізге қолдау көрсету үшін келдік. Біз дәстүрлі түрде бақылау жүргізетін елдің ішкі істеріне араласпау принципін қолданамыз, бұл солай болды және болады. Біз үшін ҚР Заңын сақтау критерий болып қалады.»,-деді ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже