Сайлауда алғаш рет дауыс беруші елордалықтарға сыйлықтар табысталмақ

03 маусым, 11:00

Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жатағы елорда тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

23 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ, 9 маусым күні туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтар тапсырылады. Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында "Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!" атты арнайы имидждік жоба іске қосылды.

Айта кетейік, сайлау күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже